Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында қылмыстық топты ұстауға бағытталған арнайы операция өтті

Опубликовано:

Ақмола облысынан есікрті сатумен айнаылсқан екі күдікті ұсталды
Фото: Ақмола облыстық полиция департаменті

Ақмола облысында арнайы операция жүргізіліп, нәтижесінде қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілерден есірткі тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 20 ақпанда Степногорскте гашишті сақтаумен және өткізумен айналысатын қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Полицейлер Пригородное ауылының екі тұрғыны Ақмола облысы аумағында есірткі жеткізу мен сатуды жолға қойғанын анықтады. Олар гашишті Нұр-сұлтан қаласынан әкеліп, содан кейін тұрақты сатып алушыларына өткізген екен.

Кезекті партияны тасымалдау кезінде "бизнес-серіктестерді" жедел уәкіл қызметкерлері ұстады.

Тәртіп сақшылары қызметтік иттің көмегімен Пригородноеның 33 жастағы тұрғынының JAC S3 автокөлігін тінту кезінде салмағы 550 грамнан асатын гашиші бар 10 полиэтилен түйіншек табылды. Жүргізушінің тұрғылықты жері бойынша тәртіп сақшылары тағы 17,35 гр есірткі тапты.

Арнайы операция барысында көлікте күдіктінің 42 жастағы сыбайласы болғаны анықталды.

Бұған дейін дәлелді базаны бекіту үшін арнайы іс-шаралар шеңберінде күдікті 6 гр гашишті сатқаны анықталды. Оның үйін тінту кезінде 23 грамнан астам гашиш және 230 грамм марихуана тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша жүргізіледі. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да есірткі сататын интернет-дүкен жойылғаны туралы хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957462-aqmola-oblysynda-qylmystyq-topty-ustauga-bagyttalgan-arnaiy-operaciya-otti/

pixel