Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысының тұрғыны қызғаныштан күйеуіне пышақ жарақатын салды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Ақмола облысының тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін пышақтады
Илюстрациялық сурет: pixabay.com

Степняк қаласының тұрғыны азаматтық некедегі күйеуіне пышақ жарақатын салды деп күдіктелуде. Бірге тұратын екеуінің арасында қызғаныштан жанжал туындаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода 20 ақпан күні сағат 02.56-да Біржан сал ауданының полиция бөліміне аудандық орталық аурухананың медбикесінен телефон хабарламасы келіп түскені айтылды. Мейірбике оларға медициналық көмекке Степняк қаласының 40 жастағы тұрғыны жүгінгенін жеткізді.

Ер адам оң жақ жауырын тұсынан терең емес пышақ жарақатын алған.

Оның қызғаныш салдарынан туындаған жанжал кезінде зардап шеккені анықталды. Оны 38 жастағы азаматтық некедегі әйелі жаралаған деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары Қылмыстық Кодекстің 107-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957467-aqmola-oblysynyn-turgyny-qyzganystan-kuieuin-pysaqtap-tastagan/

pixel