Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура: Алматы әкімдігінің өртенген ғимаратының шатырынан мәйіт табылды

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Өртенген Алматы әкімдігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратура арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты жаңа деректер ұсынды. Ол "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында Алматы әкімдігінің ғимараты өртенген соң шатырынан мәйіт табылғанын айтты. Марқұмды тәртіпсіздікке қатысқандар өртеп жіберген.

Ожаровтың дерегінше, Алматы әкімдігінің өртенген ғимаратын тексеруге тергеушілердің бірнеше күні кеткен. Бұл іске криминалистика, өрт сөндіру техникасы, тауартану, сейсмология саласындағы көптеген маман тартылды.

"Олар өрт себептерін, келтірілген зиян мөлшерін, ғимараттың төбесіндегі адам өлімінің мән-жайларын анықтауға мүмкіндік беретін тергеу сұрақтарына жауап беруі керек еді. Онда күйген мәйіттің табылғаны естеріңізде ме?

Бұған дейін тергеуші әр сарапшыға тұтқындау мен бүліктерідің барлық жағдайына назар аудару үшін сауатты және нақты сұрақтар дайындауы керек еді", - деді Ожаров.

Айта кетейік, 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар Алматы әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасап, артынша өртеп жіберді. Жалын кейбір кабинеттерді күлге айналдырған. Мәселен, жиналыс залы түгелдей өртеніп, әкім кабинетінің түгі қалмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957483-bas-prokuratura-almaty-akimdiginin-ortengen-gimaratynyn-satyrynan-maiit-tabyldy/