Қызылорда облысында қону кезінде АН-2 ұшағы өртенді

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Қызылорда облысы Арал маңында қону кезінде АН-2 ұшағы өртенді. Бортта екі экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті Telegram каналында.

"Бүгін сағат 12:30-да Аралдан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерде қону кезінде "Тараз Жаңа Әлем" жеке әуекомпаниясының АН-2 әуе кемесі өртенді. Әуе кемесі Қызылорда – Арал бағыты бойынша TJA5217 санитарлық рейсін орындаған", - дейді Азаматтық авиация комитетінен.

Ведомствоның мәліметінше, бортта 2 экипаж мүшесі және 1 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, комитет бұл факті бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті тергеу жүргізетінін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Санкт-Петербургтан Самарқандқа ұшқан ұшақ Қызылорда әуежайына шұғыл қонғанын жазған едік.

Анықталғандай, жүрегінде ақауы бар жолаушылардың бірі - Өзбекстан азаматшасына жедел медициналық көмек қажет болған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957493-qyzylorda-oblysynda-qonu-kezinde-an-2-usagy-ortendi/