Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының құмды аумағынан тағы бір авиациялық бомба табылды (фото)

Опубликовано:

Бомба
Фото: Жамбыл облысы ПД

22 ақпанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар ауылындағы бұрынғы әскери полигон аумағынан снаряд табылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Байзақ ауданының полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі бұрынғы әскери полигон аумағынан снаряд табылғанын хабарлаған.

Оқиға орнына дереу полиция департаментінің және "Оңтүстік" ӨңҚ 28349 әскери бөлімінің саперлері жіберілген.

"Табылған снаряд "ОФАБ-100" үлгісінің жарықшақты-фугасты авиациялық бомбасы екені анықталды.

Мұқият зерттеуден кейін саперлер бомбаны залалсыздандыру үшін Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының оқу полигонына алып кетті", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Жарылғыш зат
Фото: Жамбыл облысы ПД

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында салмағы жарты тонна бомба табылғанын жазған едік.

Мамандар оның 1962 жылы шығарылған "ФАБ 500м-62" авиациялық бомба екенін анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957523-zambyl-oblysynyn-qumdy-aumagynan-tagy-bir-aviaciyalyq-bomba-tabyldy-foto/

pixel