Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 69 жастағы әжей танысын өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: pxhere.com

Ақмола облысында 69 жастағы әжей танысын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Қазақпарат.

19 ақпан күні Бұланды ауданының полиция бөліміне Алтынды ауылындағы мектептің жанынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен.

Тәртіп сақшыларына ауылдық округ әкімінің хабарласқаны белгілі болды.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктінің жеке басы анықталған.

Ол 69 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Әжей танысын өлтірді деген күдікке ілініп отыр.

"18 ақпан күні шамамен сағат 15:00-де ер адам досына келген. Ішімдік ішкен соң, араларында жанжал болып, егде жастағы әйел серігінің кеудесіне пышақ сұққан. Сараптама тағайындалды", - деді басылым.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957567-aqmola-oblysynda-69-zastagy-azei-tanysyn-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel