Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танкіге ұқсас техника Ақтау тұрғындарын шошытты (видео)

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Lada.kz

Ақтауда танкіге ұқсас техника тұрғындардың үрейін ұшырды. Алайда қалалық әкімдік азаматтарды сабырға шақырды, деп хабарлайды Lada.kz.

23 ақпанда 17 шағын аудандағы тұрғын үй кешенінің маңында тұрғындар танкіге ұқсас арнайы техниканы видеоға түсіріп алған. Мұны көрген ақтаулықтар алаңдап қалған.

Дегенмен Ақтау қаласының әкімдігі азаматтарды сабырға шақырып, мұның БГМ-21 геологиялық барлау бұрғылау машинасы екенін түсіндірді.

"Жобалаушы мен мердігер қазіргі уақытта геологиялық жұмыстар жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Әкімдіктің мәліметінше, аталған аумақта 1200 оқушыға арналған мектеп салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957664-tankige-uqsas-texnika-aqtau-turgyndaryn-sosytty-video/

pixel