Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған қария өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Қарт
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған зейнеткер өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Атырау облыстық полиция департаменттің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, қазір тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында 66 жастағы ер адамның жоғалып кеткені БАҚ беттерінде жарық көрді.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті хабар 12 ақпанда түскенін жеткізді.

Зейнеткер Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан "Сарықасқа" учаскесінен 27 қаңтарда жоғалған. Ол Құлсары қаласына бару үшін жаяу жолға шыққан. Алайда, содан бері одан еш хабар болмаған.

Жоғалған ер адамды іздестіру жұмыстары "Үлкен төбе", "Сарықасқа" және "Бекжал" учаскелерінде жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957862-atyrau-oblysynda-iz-tuzsiz-zogalgan-qariya-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel