Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киевте 9 қабатты үй өртке оранды: жанған қалдықтар тұрғын үй аудандарына түсуде

Опубликовано:

Киевке снаряд түсуде
Видеодан кадр: Telegram/УНИАН

Украина астанасындағы жарылыстар кезінде тоғыз қабатты тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды УНИАН.

Тұрғын үйдің төртінші қабатынан тоғызыншы қабатына дейін өртенген. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Оқиға орнына құтқарушылар барған.

Бұған дейін Киевте әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы ұшақтың атып түсірілгені белгілі болды.

Назар аударыңыз! Бейнежазбада балағат сөздер бар.

Снаряд түскен жерден мамандар объектінің бөлшектерін тапты.

Бұқаралық ақпарат құралдары Украина астанасында араға бірнеше секунд салып, бірнеше жарылыс болғанын хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, алты жарылыс болған. Ресми тұлғалар баллистикалық зымырандардың соққылары туралы хабарлады.

Бұған дейін Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі украиналықтарды жаңа соққылар болатыны туралы ескерткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957893-kievte-9-qabatty-ui-ortke-orandy-zangan-qaldyqtar-turgyn-ui-audandaryna-tusude/