Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жоғалған азамат өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Мәйіт
Көрнекі фото: pixabay.com

28 жастағы Железинка тұрғыны 20 ақпанда Дүйсеке ауылынан үш шақырым жерде өлі күйінде табылды. Мәйіттен азаптау белгілері анықталды. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Нәтижесінде үш күдікті қолға түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам 14 ақпан күні Павлодар облысында жоғалған. Оны іздеуге аттанған еріктілердің ақпаратында оның белгісіз бағытқа кетіп қалғаны айтылған.

Бір аптадан кейін ол өлі күйінде табылды. Полиция оның денесінде азаптау белгілері анықталғанын мәлімдеді.

Аталған қылмысты жасады деген күдікке Железинка ауылының үш тұрғыны ілінген. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2 бөлігі (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдіктілер Железинка ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1958030-pavlodar-oblysynda-zogalgan-azamat-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel