Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинадағы әскери іс-қимылдар кезінде қанша адам қаза тапқаны хабарланды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Украина денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Виктор Ляшко елдегі әскери іс-қимылдар кезінде қаза тапқандар санын жариялады. Бұл ақпаратты ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Украина денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректеріне сүйенсек, қақтығыстар кезінде 198 адам, оның ішінде 3 бала көз жұмған. Одан бөлек, 1115 адам, оның ішінде 33 бала жарақат алған.

Виктор Ляшконың айтуынша, кеше, 25 ақпан күні соққының астында қалған Херсон перзентханаларында екі сәби дүниеге келген.

"Біздің дәрігерлерді мақтан тұтамын! Сіздер әскерилер мен құтқарушылармен тең дәрежеде соққыларға төтеп беріп жатырсыздар. Ешбір аурухана жабылған жоқ, барлығы да жұмыс істеп, медициналық көмек көрсетуде", - деді денсаулық сақтау министрі.

Сонымен бірге, ол медициналық жүйе штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1958158-ukrainadagy-askeri-is-qimyldar-kezinde-qansa-adam-qaza-tapqany-xabarlandy/

pixel