Қазақстанның екі облысында су деңгей көтерілуі мүмкін

Опубликовано:

Өзен
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысында алдағы күндері өзендердегі су деңгейі айтарлықтай көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін, 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысында күн жылынады.

Осы ретте мамандар екі облыста қар еріп, ағынды сулардың пайда болуына байланысты жергілікті өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі көктемде бірнеше өңірдегі 300-ге жуық елдімекенді су басуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Табиғи апатқа тап болу қаупі жоғары аймақтардың қатарында СҚО, ШҚО, Қостанай, Қарағанды облыстары, ал қауіп орташа өңірлердің қатарында Ақтөбе, БҚО, Жамбыл, Түркістан, Павлодар, Алматы облыстары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1958362-qazaqstannyn-eki-oblysynda-su-dengei-koterilui-mumkin/