Алматы тауларында ер адам қайтыс болды

Опубликовано:

Тау
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы тауларында 60 жастағы ер адам қайтыс болды. Бұл туралы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы Instagram парақшасында хабарлады.

Жедел-құтқару жасағының мәліметінше, 27 ақпанда сағат 13:55-те кезекші пультіне туристің "Проходное" шатқалына көтерілу кезінде есін жоғалтқаны туралы хабар түскен.

Ер адамның жанында танысы болған.

Жарты сағаттан кейін РЖҚЖ мен кинологиялық бригада шатқалға келіп, Қасқабас тауына қарай, оқиға орнына қарай барған.

Алдын ала тексеру кезінде ер адамда тіршілік белгілері байқалмаған. Содан кейін құтқарушылар марқұмның денесін тасымалдау жұмыстарына кіріскен.

Сағат 18:05-те оны Апаттық медицина орталығының қызметкерлеріне берген. Мамандар ер адамның өлімін тіркеген.

Өлімнің алдын ала себебі - өкпе артериясының эмболиясы.

Осыған байланысты құтқарушылар қазақстандықтарға тауға шыққан кезде өз күшін бағамдау маңызды екенін ескертті.

Сондай-ақ, медициналық қарсы көрсетілімдерді де ескерген абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1958374-almaty-taularynda-er-adam-qaitys-boldy/