Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысында баланы көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Риддерде баланы көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды
скриншот: https://yk-news.kz/video

Риддерде автокөлікің баланы қағып кеткен сәті видеоға түсіп қалды. Жол-көлік оқиғасы туралы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінде түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі YK-news.kz жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 ақпан күні Риддерде орын алды.

Жүргізуші реттелетін қиылыстан солға бұрылған кезде жаяу жүргіншіге жол бермеген.

Қыз бала болса бағдаршамның рұқсат берілген белгісімен жолды кесіп өтеді.

"Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бала зардап шеккен жоқ", - делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.

Еске салсақ, Ақтауда көлік басқарған әйел 10 ақпан күні 5 жасар бала мен анасын қағып кеткен болатын. Ақтау қаласының 17-ықшамауданында болған жол апаты видеоға түсіп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1958405-sygys-qazaqstan-oblysynda-balany-kolik-qaqqan-sat-videoga-tusip-qaldy/

pixel