Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Харьковтағы жойқын жарылыстан қанша адам қаза тапты

Опубликовано:

Жарылыс
Видеодан кадр: t.me/stranaua

Украинаның шұғыл қызметтері Харьковтағы Бостандық алаңында болған жарылыстан қаза тапқандар мен жарақат алғандар санын жария етті.

Тиісті деректі Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі ресми Telegram парақшасында ұсынып отыр.

"Харьков ОМӘ (облыстық мемлекеттік әкімшілік-ред) ғимараты маңындағы жарылыс салдарынан 7 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алды. Оның ішінде 11 адам ауруханаға жатқызылды (1 бала бар)", – деп хабарлады Украина ТЖМҚ.

Ведомство дерегінше, әуе соққысы салдарынан бес қабатты үй ішінара қирап, артынша отқа оранған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны әлі де анықталып жатыр.

Осыған дейін Харьков орталығындағы Бостандық алаңында орнатылған камералар жойқын жарылыс сәтін таспалаған еді. Снаряд облыстық әкімішілік ғимаратының маңына құлаған.

Аталған жайтқа қатысты Владимир Зеленский де пікір білдірді. Ол Ресейді террорлық мемлекет деп айыптап, халықаралық қауымдастықты дереу әрі тиімді жауап беруге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1958706-xarkovtagy-zoiqyn-zarylystan-qansa-adam-qaza-tapqany-belgili-boldy/

pixel