Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда КамАЗ жөндеп жатқан ер адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

КамАЗ
Көрнекі фото: Pavlodarnews.kz

Екібастұзда КамАЗ жөндеп жатқан ер адам ауруханаға түсті. Жазатайым оқиға ЖШС аумағында орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 ақпан күні сағат 18.00-де жүк автокөлігінің боксында 33 жастағы қызметкер КамАЗ автокөлігін жөндеу кезінде қабырғаға қысылып қалған. 

Оқиға салдарынан жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді. 

Тиісті мекеменің дерегінше, тұрғынның екінші және үшінші саусақтары ашық сынған, оң жақ қолында үшінші саусағының жабық сынған, жұмсақ тіндері зақымдалған.

Сондай-ақ, оң жақ білектің төменгі үштен бір бөлігінің жабық сынуы, көгеру, оң қолдың қысылуы анықталды. 

"Зардап шеккен адамға Екібастұз қалалық ауруханасында тиісті көмек көрсетілді.  Күндізгі стационарға жіберілді. Тәулік бойы стационардан бас тартты", - деді басқармада. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1958711-ekibastuzda-kamaz-zondep-zatqan-er-adam-auruxanaga-tusti/

pixel