Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңіз кен орнында болған өртте бір техника жанып кетті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында болған өрт кезінде бір техника жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 1 наурызда жергілікті уақытпен сағат 16:40-та Теңіз кен орнындағы жобаның мердігері "Nasar Solution" ЖШС-нің өндірістік цехынан өрт шыққан. Жалынды ауыздықтауға ТШО-ның өрт сөндіру-апаттық құтқару қызметінің қызметкерлері жедел жетті.

Ал, мердігер компанияның 15 қызметкері қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

"Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында "Nasar Solution" ЖШС-нің ашық аумағында бір-біріне жақын тұрған 20 контейнер мен металл бөшкелерде, сондай-ақ, пластмасса ыдыстарда сақталған тез тұтанатын сұйық қалдықтар жанған.

Жалпы аумағы шамамен 2 800 шаршы метрді шарпыған өрттің салдарынан "Car" маркалы 1 жүк көтергіш техника жанып кетті. Жалын сағат 19:46-да оқшауланып, сағат 20:30-да сөндірілді", -деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге ТШО-ның өрт сөндіру-апаттық құтқару қызметінің 17 қызметкері мен 4 техникасы, "COCR" ЖШС-нің 6 қызметкері мен 2 техникасы, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 2 техникасы жұмылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1958726-teniz-ken-ornynda-bolgan-ortte-bir-texnika-zanyp-ketti/

pixel