Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-дағы жол апатынан екі адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы орын алды
скриншот: https://www.instagram.com/sko_kz

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде екі адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 28 ақпанда сағат 12-де Мальцево ауылының маңында "МАЗ" көлігі мен тіркемесі бар Shacman соқтығысқан.

Нәтижесінде елдімекеннің маңында қар жинау жұмыстарын жүргізген "Петропавл жолдары" ЖШС қызметкерлеріне соқтығысады.

68 және 48 жастағы екі ер адам, Явленка ауылының тұрғындары алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.

ЖКО фактісі бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1958843-sqo-dagy-zol-apatynan-eki-adam-qaza-tauyp-useui-zaraqat-aldy/

pixel