Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте балабақшадан сәби жоғалып кеткен: 5 адам жазаланды

Опубликовано:

Ойыншықтар
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте бала жоғалған балабақшаның 5 қызметкері жазаланды. Бұл туралы қалалық білім беру басқармасы хабарлады, деп жазады Vera.kz.

№60 мемлекеттік балабақшада бала жоғалып кетті. Тәрбиеші оны әжесіне апару үшін топтан алып шыққан, бірақ ол қашып кеткен.

Баланың қалайша көзге түспей кетіп қалғаны белгісіз. Білім беру басқармасының дерегінше, бүлдіршінді іздеу жұмыстарына жарты сағат кеткен. Оқиғадан кейін тіпті полиция қызметкерлерін тартуға тура келген.

Аталған жайтқа қатысты әдіскер Құралбаева, топ тәрбиешісі Низтаева, кезекші тәрбиеші Аширова және балабақша күзетшісі Юнусов қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылды. Сондай-ақ, сөгіс меңгеруші Байғарашеваға да жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1959061-symkentte-balanyn-zogaluyna-bailanysty-5-adam-zazalandy/

pixel