Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда қатты жел болып, кірпіштен тұрғызылған қақпа көліктің үстіне опырылып түсті

Опубликовано:

Кадр
Фото: Lada.kz

Кеше Ақтауда жел қатты соғып, салдарынан 26-шағын ауданда кірпіштен тұрғызылған қақпа құлады. Сонымен қатар орталық көшедегі LED экран сынды, деп хабарлайды Lada.kz.

Куәгерлердің сөзінше, кірпіштен тұрғызылған қақпа қатты желге төтеп бере алмай, көліктің үстіне құлаған.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның Ақтаудың 26-шағын ауданындағы 41-үйдің жанында тіркелгенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, облыстық филармония ғимаратына қарама-қарсы аймақта LED экран сынған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңірде жел күшейетінін, кейбір жерлерде оның екпіні секундына 30 метрге жететінін хабарлаған.

Одан бөлек, ведомство тұрғындарға үйден шықпауға және көліктерін ағаштар мен ескі ғимараттардың жанына қоймау туралы ескертті.

Айта кетейік, Ақтауда танкіге ұқсас техника тұрғындардың үрейін ұшырған еді. Бұған қатысты қалалық әкімдік пікір білдіріп, жергілікті тұрғындарды сабырға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1959448-aqtauda-qatty-zel-bolyp-kirpisten-turgyzylgan-qaqpa-koliktin-ustine-opyrylyp-tusti/

pixel