Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда жолдың қарсы бетіне шығып кеткен әйел жол апатына түсті

Опубликовано:

Трасса
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда Kia көлігін тізгіндеген әйел қозғалыс жолағының қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, таңертең Саран тасжолының бойында Октябрь өндірістік аймағы бағытында болған.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Kia көлігінің рөлінде 51 жастағы әйел болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол қозғалыс жолағының қарсы бетіне шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Жүк көлігін 69 жастағы ер адам басқарған.

"Жол апаты салдарынан Kia көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Факт тіркеліп, сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", - дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің көптеген түрлі дене жарақатын алғанын және оған ота жасалып жатқанын атап өтті. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1959478-qaragandyda-qarsy-zolaqqa-sygyp-ketken-aiel-zol-apatyna-tusti/

pixel