Алматыда кафе өртенді (видео)
Опубликовано:

Алматының Алмалы ауданында орналасқан кафе өртке оранды. Төтенше жағдай бүгін орын алған. Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді, деп хабарланды оңтүстік астананың ТЖД ресми Instagram парақшасында.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 18.23-те жеткен. Анықталғандай, екі қабатты кафе ғимараттың төбесі өртенген.
"Өрт бағаналары дереу енгізіліп, өрт гидранттарына автоцистерналар орнатылды. Соның арқасында суды үздіксіз тарату қамтамасыз етілді. Өртті сөндірудің екі бөлімшесі құрылып, екі өрт баспалдақтары орнатылды", - делінген департамент хабарламасында.
Өрт сөндіру қызметкерлері жалынды жарты сағатта сөндірді. Сағат 19.06-де өрт толығымен тоқтатылды. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1959554-almatyda-kafe-ortendi-video/