Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мексикада футбол жанкүйерлері жаппай төбелес шығарып, 17 адам қаза тапты

Опубликовано:

матчтағы төбелес
Фото: www.kp.ru

Мексикалық футбол жанкүйерлер жергілікті біріншіліктің матчы кезінде жаппай төбелес шығарып, оның соңы өліммен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 6 наурыз, жексенбіге қараған түні болды, деп жазды журналист Дэвид Медрано Twitter парақшасында. Сондай-ақ ол 17 адамның қаза тапқанын хабарлады.

"Керетаро" өз алаңында ойынның 60-минутында 0:1 есебімен жеңіліп жатқанда, трибунада төбелес басталған.

"Керетаро" жанкүйерлері алаңға жүгіріп шығып, VAR жабдығын (төрешілерге көмек көрсету жүйесі) қиратады.

Атлас жанкүйерлерімен арадағы төбелесте 17 адам мерт болған, олардың көпшілігі Атластың жанкүйерлері.

Керетаро штатындағы полицияның өкілі көз жұмғандардың барлығы ер адамдар екенін айтты.

Стадион күзетшілері көрермендерге, соның ішінде әйелдер мен балаларға трибунадан шығуға мүмкіндік беру үшін қосымша есіктерді ашқаны белгілі болды.

Бұған дейін Керетаро штатының полициясы 22 адамның жараланып, екеуі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылғанын мәлім еткен.

Мексика чемпионатының "Керетаро" - "Атлас" ойыны қауіпсіздік шаралары сақталмауына байланысты қайтадан жалғаспағаны хабарланды. Кездесу басқа күнге ауыстырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1959652-meksika-cempionatynda-matc-kezinde-zappai-tobeles-bolyp-17-adam-qaza-tapty/

pixel