Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жүзге жуық көліктің соқтығысқаны рас па (видео)

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: instagram.com/shchuchinsk_life

Желіде Ақмола облысында жүзге жуық көліктің қатысуымен жол апаты болды деген ақпарат тарады. Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдіріп, мәліметтің жалған екенін жеткізді. Ведомство дерегінше, Бозайғыр ауылының маңында ауа райының қолайсыздығына байланысты алты көлік соқтығысқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Полиция мәліметінше, жол көлік оқиғасы кеше, 7-наурызда Көкшетау – Нұр-Сұлтан трассасының 452-шақырымында, Бозайғыр кентінің маңында тіркелген.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі "көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, жол апаты салдарынан оқиға орнында 100-ге жуық автокөліктің жиналғаны белгілі болды.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар және бейәдеп сөздер кездеседі. Бейнежазбаны психикасы әлсіз адамдарға, 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге, аяғы ауыр әйелдерге көру ұсынылмайды.

Ескерту! Видеодан бейәдеп сөздер бар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1959713-aqmola-oblysynda-zuzge-zuyq-koliktin-soqtygysqany-ras-pa-video/

pixel