Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде алты көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Опубликовано:

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы орын алды
скриншот: www.instagram.com/zello_aktobe.04

Ақтөбеде 6 көлік соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Аталған жайтқа қатысты аймақтың полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"6 көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы. Әбілқайыр хан мен Молдағұлова қиылысы", - делінген Instagram желісінде жарияланған видеода.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 9 наурыз күні түнгі бірлерде орын алған.

"Toyota жол талғамайтын көлігінің 49 жастағы жүргізушісі Kia көлігімен соқтығысуға жол берген. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір жолақ бойында тұрған 6 көлікке зақым келді", - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, төрт адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйіне қайтарылған.

Тәртіп сақшылары жол талғамайтын көлік жүргізушісі 2020 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтады. Сондай-ақ, ол медициналық тексеруден өтуден бас тартқан.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 346-бабы, 2-бөлігі бойынша жүргізілуде. Ер адам жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырыла отырып, 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге абақтыға жабылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1959882-aqtobede-alty-kolik-soqtygysyp-qaldy/

pixel