Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заңсыз аң аулап, етін итіне берген қазақстандық ұсталды

Опубликовано:

көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз аң аулаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары “Құқықтық тәртіп” іс-шарасын өткізу барысында заңсыз аң аулады деген күдікпен 59 жастағы Алтай ауданының тұрғынын ұстады.

Ол қақпанмен өткен жылдың желтоқсан айында төрт бұлғын ұстаған. Күдікті тұзаққа түскен аңдардың терісін сыпырып, етін иттеріне берген.

Жауап алу кезінде ер адамның кінәсін толық мойындағаны белгілі болды.

Полицейлер Алтай ауданының тұрғыны бұлғынды аулауға тыйым салынғанын біле тұра, лицензиясының жоқтығына қарамастан заң бұзды деп отыр.

Басылым дерегінше, шығын көлемі 450 мың теңгеден асқан.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1959889-zansyz-an-aulap-etin-itine-bergen-qazaqstandyq-ustaldy/

pixel