Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бір адамды қаққан көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

Опубликовано:

Жол апаты85
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысында жол апаты болып, салдарынан бір адам қаза тапты. Белгілі болғандай, оқиға орнынан күдікті қашып кеткен, деп жазады Polisia.kz.

Оқиға орын алған жерден Алматы қаласының 33 жастағы тұрғыны табылған. Оның ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылғаны белгілі болды. Алайда науқас бірнеше күннен кейін қаза тапты.

Криминалистер жол апаты болған жерде жұмыс істеп, көлік бамперінің сынықтарын тапқан. Сол арқылы күдіктіні ұстады. Ол 28 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам қайғылы жағдай тіркелген күні BMW көлігін басқарған, дейді тәртіп сақшылары.

Қазіргі уақытта Алматы облысының полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Ведомство тиісті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол көлік ережесін бұзу") және 347-бабы ("Жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу") бойынша айып тағылуда.

Айта кетейік, қайғылы жағдай 20 ақпан күні "Талдыбұлақ-Ақбұлақ" тас жолының алтыншы шақырымында тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1959926-almaty-oblysynda-bir-adamdy-qaqqan-kolik-zurgizusisi-oqiga-ornynan-qasyp-ketti/

pixel