Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында зейнеткер өз ұлын аяусыз пышақтап тастады

Опубликовано:

пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысының полицейлері туған ұлын өлтіруге оқталған 71 жастағы зейнеткерді ұстады. Егде жасына байланысты ол үйқамаққа алынды, деп хабарлайды NewTimes.kz агенттігі.

9 наурыз күні Алматыдағы ауруханалардың біріне Талғар ауданы Бесағаш ауылының 44 жастағы тұрғыны жеткізілген.

Жәбірленушіге егде жастағы әкесі пышақ жарақатын салыпты. Ол мұндай әрекетке отбасылық жанжал барысында барған.

Қазір зардап шеккен азамат ақ халаттылардың қатаң бақылауында жатыр.

"71 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның егде жасы мен басқа да мән-жайларды ескере отырып, күдіктіге қатысты жазылған арызға байланысты үйқамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды", - деп хабарлады Талғар аудандық полициясы.

Күдікті өз ұлын ас үй пышағымен бірнеше рет ұрғанын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960838-almaty-oblysynda-zeinetker-oz-ulyn-ayausyz-pysaqtap-tastady/

pixel