Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Атырауда белгісіз біреу оқ жаудырып, үш адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Атыс
Фото: t.me/chinovnik_kz

БАҚ беттерінде Атырауда кеше кешке болған атыс туралы ақпарат пайда болды. Сондай-ақ, оқиға орнында бірнеше адам қайтыс болғаны айтылуда, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Басылымның мәліметінше, кешкі сағат 9 шамасында белгісіз біреу "Авангард" аялдамасында "Калашников" автоматынан оқ жаудырған.

Тілшілердің ақпаратынша, 2 адам қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға түскен. Дегенмен, басылым қылмыс орны маңынан оқ жарақатын алған тағы бір адамның денесі табылғанын хабарлады. Ал басына оқ тиген зардап шегуші облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Алдын ала деректер бойынша, оқ жаудырған адам қашып кеткен. Қазір оны полиция іздеп жатыр.

Басылымның хабарлауынша, бұл қылмыс жуырда ғана қаладағы клубтардың бірінде болған төбелеске қатысты болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960916-baq-atyrauda-belgisiz-bireu-oq-zaudyryp-us-adam-qaza-tapty-video/

pixel