Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапониядағы жойқын жер сілкінісінен екі адам қаза тауып, 126 адам жарақат алды

Опубликовано:

жапония
Фото: Видеодан кадр

Жапонияның солтүстік-шығысында 7,3 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан екі адам қаза тапты. Сонымен қатар, 126 адам жарақат алған, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Жер сілкінісінің эпицентрі - Тынық мұхитында орналасқан.

Жер асты дүмпулері Жапонияның шығысында сезілген және елдің солтүстік-шығысында цунами қаупін тудырған.

Салдарынан Фукусима мен Мияги префектурасының жағалауларындағы толқынның биіктігі шамамен 30 см-ге жеткен.

Аталған аудандарда тұратын жүздеген адам қауіпсіз жерлерге көшірілген.

Белгілі болғандай, зілзала салдарынан екі миллионнан астам үй жарықсыз қалған және табиғи апат салдарынан кейбір пойыз істен шыққан.

Сонымен қатар, конструкциялардың зақымданғаны туралы хабарламалар түскен.

Хабар24-тің мәліметінше, көз жұмған адамның бірі - Фукусима префектурасының 88 жастағы тұрғыны. Осы орайда Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Хирокадзу Мацуно тұрғындарды келесі аптаға дейін аса сақ болуға шақырды.

"Әдетте алғашқы жер сілкінісінен кейін зілзала тағы 2-3 күн қайталануы мүмкін", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қазан айында Токиода 5,9 балдық жер сілкінісі болып, 32 адам зардап шеккен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961179-zaponiyadagy-zoiqyn-zer-silkinisinen-eki-adam-qaza-tauyp-126-adam-zaraqat-aldy-video/

pixel