Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында ер адам көрші әйелді баласымен бірге өртеп жіберді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

сіріңке
Фото: pixabay.com

Қостанай облысында ер адам көрші әйелді 4 жасар баласымен бірге өртеп жіберді деген күдікке ілінді. Жантүршігерлік оқиға туралы өңірлік полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков Facebook-тегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлан Омарбековтің мәліметінше, бұл жайт 16 наурызда тіркелген.

Сол күні Рудный қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 44 жастағы ер адамның көршісінің пәтерін қағып, өзіне есік ашқан 32 жастағы әйел мен оның баласының үстіне керосин құйып, өртеп жібергені жайлы хабарлама түскен.

Аталымыш факті бойынша полиция кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Күдікті ұсталып, қамауға алынған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"Қылмысты тергеу барысын өз бақылауыма алдым", - дейді Қостанай облысы полиция департаментінің басшысы.

Омарбековтің сөзінше, зардап шеккен бала қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денесінің 40 пайыздан астамы күйіп қалған. Дәрігерлер балақайдың өмірі үшін күресуде. Ал әйелдің қолы күйген.

"Ер адамның мұндай әрекетіне көршілер арасындағы жанжал себеп болғаны анықталды", - деп толықтырды Ерлан Омарбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961201-qostanai-oblysynda-er-adam-korsisin-balasymen-birge-ustine-kerosin-quiyp-ortep-zibergen/

pixel