Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтардағы тәртіпсіздік: Алматы әуежайында дүкен тонаған үш адам ұсталды

Опубликовано:

әуежай11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көліктегі полиция қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Алматы әуежайында дүкен тонаған үш адамды ұстады. Олар қолды еткен тауардың 200-ден астам түрі тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ІІМ көліктегі полиция департаментінің жедел-тергеу тобы Алматы әуежайындағы дүкендерден тауар ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиевтің айтуынша, бейнебақылау жазбаларын қарау кезінде үш күдікті анықталды: апалы-сіңлілі және біреуінің күйеуі. Үшеуі де Алматы облысының тұрғыны.

"Олар 6 қаңтарға қараған түні жаппай тәртіпсіздік кезінде әуежайда біреудің мүлкін ұрлаған. Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде заттай айғақ – элиталық алкоголь, сондай-ақ 130 түрлі парфюмерлік және косметикалық өнім алынды. Сонымен қатар кофеханадан, кәдесый дүкенінен және дәріханадан ұрланған 94 түрлі тауар тәркіленді", - деді көліктегі полиция департаменті бастығы Оңал Бекиев.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабыны сәйкес ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеу басталды.

40 жастағы ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланып, 34 жастағы және 26 жастағы әйелдерге кішкентай баласы болуына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхат берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961271-qantardagy-tartipsizdik-almaty-auezaiynda-duken-tonagan-us-adam-ustaldy/

pixel