Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зомби-апокалипсис": Желіде Шымкенттегі ХҚКО-да болған шулы оқиға талқыға түсті

Опубликовано:

Шымкенттегі мамандандырылған ХҚКО
Видеодан кадр: Qumash

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі мамандандырылған ХҚКО-да түсірілген видео тарады. Кадрларда бір топ адамның ғимарат есігіне қарай жүгіріп, қоршаудан секіріп өтіп бара жатқанын аңғаруға болады. Аталған жайтқа қатысты "Азаматтарға арналған үкімет" филиалы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл зомби-апокалипсис емес, қанттың да еш қатысы жоқ. Тек адамдар Шымкенттегі мамандандырылған ХҚКО-дан жүргізуші куәлігіне тапсырайын деп жатыр, бірақ кезекте тұрған адам көп", - делінген видео анықтамасында.

Аталған жайт әлеуметтік желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті.

"Мұнда адамдар жолда жүреді дегенді елестету қиын", "Адамдарды шынжырмен байлап, бір уақытта жібере салған сияқты", "Қант алып келді деп ойлап едім", "Жабайылар , зомби-апокалипсис",- деп жазды желі қолданушылары.

"Азаматтарға арналған үкіметтің" Шымкенттегі филиалы №1 мамандандырылған ХҚКО-да С1 санаты ("ГАЗель" жүк көлігі) бойынша көлік жүргізуге практикалық емтихан тапсырғысы келетіндердің көбеюіне байланысты осындай кезек пайда болғанын айтады.

Бұл қаладағы екі автодромның бірінде жабдықты жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына да байланысты болып отыр екен.

ХҚКО-ның өзі штатты режимде жұмыс істеп, көлікті қайта тіркеу мен теориялық емтихан тапсыру қызметіне құжаттар қабылдаған.

"Ақпан айының соңынан бастап автодром жұмысын қайта бастап, жүргізудің барлық санаттары бойынша клиенттерді қабылдай бастады. Алайда, осы уақыт ішінде практикалық емтихан тапсырғысы келетін азаматтар саны артты.

№1 мамандандырылған ХҚКО-ға тек Шымкент қаласының тұрғындары (халық саны 1 млн-ға жуық) ғана емес, бүкіл Түркістан облысының тұрғындары (халық саны 2 млн-нан астам) жүгінетіні де жағдайды ушықтырып отыр",- деді ведомство.

Сондай-ақ, адам санының көптігіне байланысты мамандандырылған ХҚКО жұмыс кестесі ұзартылып, C1 санаты бойынша емтихан қабылдау үшін қосымша көлік бөлінген.

Филиал қазір Түркістан облысындағы ХҚКО-ны ашу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

"Аталған жайт нәтижесі бойынша клиенттер тарапынан құқықбұзушылықтар анықталған жоқ. Нысанға да залал келмеді. 19,20 және 23 наурыз күні №1 мамандандырылған ХҚКО сағат таңғы 8.00-ден 19.00-ге дейін штатты режимде жұмыс істейді",- деді "Азаматтарға арналған үкімет".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961277-zombi-apokalipsis-zelide-symkenttegi-xqko-da-bolgan-suly-oqiga-talqyga-tusti-video/

pixel