Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 3 көлік бір мезетте соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Түркістан облысында үш көлік соқтысып қалды
скриншот: www.youtube.com

17 наурыз күні таңғы уақытта Сарыағаш ауданының тас жолында үш бірдей көлік жол апатына ұшырады. Оқиғаның мән-жайын Түркістан облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жол-көлік оқиғасына қатысты хабарлама полиция қызметкерлеріне 17 наурыз күні сағат 7.50-де түскен. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына жетеді.

Сарығаш ауданына қарасты Еңкес ауылының маңындағы Жетісай-Жібек жолы тасжолының 201 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны анықталды.

Nissan Urvan автокөлігі қарсы жол бетіне өтіп, MAN көлігімен соқтығысуға жол берген.

Сол сәтте Audi A6 көлігі Nissan көлігінің артына келіп соғылады.

Алған жарақаттардан Urvan көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Audi көлігінің жүргізушісі ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды.

Зерттеу Nissan көлігін тізгіндеген ер адамның ішімдік ішпегенін анықтады.

Аталмыш факті Қылмыстық Кодекстің 345-бабы (Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол-қауіпсіздік ережесін бұзуы) бойынша тіркеліп, сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Үш көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961295-turkistan-oblysynda-us-kolik-soqtygysyp-saldarynan-bir-adam-qaza-taptyvideo/

pixel