Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғызбасты әйелдің тұратынын білген": Алматыда түнгі үште жеке үйге қарақшылық шабуыл жасалды

Опубликовано:

Ұры
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда жеке үйге қарақшылық шабуыл жасалды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі азаматты ұстады және біреуін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарақшылық шабуыл Медеу ауданында орналасқан үйлердің біріне жасалған.

Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаевтың мәліметінше, үйге үш ер адам түнгі үш шамасында баса көктеп кірген. Олар бұл үйде жалғызбасты әйел тұратынын білген.

Оның сөзінше, күдіктілер рөлдерін өзара бөліп алған, яғни екеуі қылмыстық ниеттерін жүзеге асырса, біреуі жағдайды бақылау үшін қақпаның жанында қалған.

"Күдіктілер үй иесін соққыға жыққан. Олар өздерімен бірге құны 2 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Ауыр қылмысты ашу мақсатында қалалық криминалдық полиция қызметкерлерімен күшейтілген жедел-іздестіру тобы құрылды. Қарақшылық шабуыл ашылды. Үш күдіктінің екеуі ұсталды", - дейді Дәурен Өтебаев.

Құзырлы орган өкілінің айтуынша, үшінші күдікті іздестіріліп жатыр. Ол ұсталған екі азамат бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бұған дейін де істі болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, күдіктілер қарақшылық шабуыл жасамас бұрын үйді бірнеше күн бақылағандарын жеткізген.

Ал зергерлік бұйымдардың кейбіреуін сатып, түскен ақшаны керегіне жаратқандарын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961532-birnese-kun-baqylagan-almatyda-tungi-uste-zeke-uige-qaraqsylyq-sabuyl-zasaldy/

pixel