Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласының маңында бір үйір жылқыны пойыз қағып кетті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ

Нұр-Сұлтан қаласының маңында бір үйір жылқыны пойыз қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға 18 наурызда 3:00 шамасында Нұр-Сұлтан қаласынан 64 шақырым қашықтықта орналасқан "Еркіншілік-Сарыоба" аралығында болған.

Жүк пойызының машинисі қараңғы уақытта темір жолда жүрген жылқыларды бірден байқамай, жиырмасын қағып кеткен.

Тексеру кезінде көлік полицейлері түнгі уақытта жылқыларды қараусыз қалдырған 44 жастағы малшыны анықтады.

Ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 559-бабы, яғни темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961557-nur-sultan-qalasynyn-manynda-bir-uiir-zylqyny-poiyz-qagyp-ketti/

pixel