Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп ішіп қойдым": Полицейлерден қашпақ болған атыраулық көлігінен түсіп, суға секірген

Опубликовано:

Павлодар облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды
Көрнекі фото: piqsels.com

Атырау қаласында полицейлерден қашпақ болған мас жүргізуші көлігінен түсіп, суға секірген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда 17 наурыз күні 17:30 шамасында LADA Priora көлігінің жүргізушісі мас күйде көлік тізгіндеген.

Тәртіп сақшылары Владимирский және Гумаров көшелерінің қиылысында көлік күдік тудырған соң тоқтатқандарын жеткізді. Алайда "темір тұлпарды" тізгіндеген атыраулық қаша жөнеліпті.

Ол Авангард ықшам ауданына дейін тоқтамаған. Содан кейін көлігінен түсіп, көпірге дейін жаяу жүгірген. Соңында Жайық өзеніне секіріп кетті, дейді полицейлер.

Тәртіп сақшылары ер адамды судан шығарып, әкімшілік жауапкершілікке тартқанын хабарлады.

Белгілі болғандай, 33 жастағы ер адам көлік жүргізу құқығынан осыған дейін айырылған. Соған қарамай бұл жолы да көлік рөліне отырған.

Ер адам "көп ішіп қойдым" деп ақталған.

Айта кетейік, жол ережесін өрескел бұзған атыраулықтың үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабымен хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961559-kop-isip-qoidym-policeilerden-qaspaq-bolgan-atyraulyq-koliginen-tusip-suga-sekirgen/

pixel