Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында көктайғақта тайып құлаған зейнеткер қайтыс болды

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі фото: vse42.ru

Қостанай облысында тайып құлап, басын мұзға соғып алған 65 жастағы ер адам көз жұмды деп хабарлайды Qostanay.tv.

Телеарна мәліметінше, оқиға Қостанай облысының Сарыкөл ауданында болған. Ақпаратты өңір полициясы растап отыр.

Полицейлердің айтуынша, абайсызда тайып құлап, басынан жарақат алған 65 жастағы ер адам аудандық ауруханаға жатқызылған.

Алайда дәрігірлер оның өмірін аман сақтап қала алмайды. Зейнеткер ауруханада қайтыс болған.

Тергеу көрсеткендей, сол күні зейнеткер мас болған.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам мұз басқан жолда тайып құлапты. Сараптама оның дене жарақатын алғанын көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961628-qostanai-oblysynda-koktaigaqta-taiyp-qulagan-zeinetker-koz-zumdy/

pixel