Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық сәби көз жұмды

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі сурет: pixabay.com

Орал қаласында эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, дәрігерлер қолға алған шараларға қарамастан, сәби 19 наурыз күні есін жимастан қайтыс болған.

Нәресте 13 наурыздан бері қалалық көпбейінді ауруханада жасанды тыныс алу аппаратына қосулы жатқан. Жағдайы өте ауыр болғандықтан, ота жасалған жоқ.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиға бойынша барлық ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Ақпарат тек жәбірленуші тараптың рұқсатымен жария етілуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Оралда эскалатормен көтеріліп бара жатқан 1987 жылғы келіншектің қолынан баласы түсіп кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961633-oralda-eskalatordan-qulap-ketken-togyz-ailyq-sabi-koz-zumdy/

pixel