Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Опубликовано:

Трасса
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты Алматы-Өскемен тас жолының 110-шақырымында болған.

Шеңгелді ауылының маңында Toyota Windom мен Lexus LX 570 көліктері соқтығысқан. Көліктердің бірі бұрылып жатқанда қарсы бағытта келе жатқан екіншісі келіп соғылған.

21 жастағы Toyota жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Сонымен қатар, 50 жастағы әйел Қапшағай қалалық ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі уақытта тергеу қылмыстық кодекстің 345-бабы 4 тармағы ("Көлік рөлінде отырған адамның абайсызда екі және одан көп адамның өліміне әскеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы") бойынша жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961751-almaty-oblysynda-zantursigerlik-zol-apatynan-4-adam-qaza-tapty/

pixel