Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты үш адамның өмірін қиды

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: kstnews.kz

Шымкентте үш адам жантүршігерлік жол апатынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, жол апатынан тағы жеті адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта Шымкент полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Үш автокөлік 20 наурыз түнде Абай ауданында, Әл-Фараби көшесі мен Алматы тас жолының қиылысында соқтығысты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жол апатына үш көлік – Hyundai Starex, Toyota және Daewoo Gentrа-ның түскені белгілі болды.

Жол апатынан соң автокөліктердің бірінен өрт шыққан. Апат орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер оны сөндірді.

Қазіргі кезде тәртіп сақшылары жол апатын тергеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961780-symkentte-zantursigerlik-zol-apaty-us-adamnyn-omirin-qidy/

pixel