Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлдағы апат: Үйінді астында қалған жұмысшы әйелдің денесі табылды

Опубликовано:

ЖЭО апаты
Фото: Instagram/dtp_sko

Петропавлда жылу-электр орталығындағы апат кезінде үйінді астында қалған машинист-қараушының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жылу-электр орталығында түтін мұржасы опырылып түскен кезде үйінді астында қалған машинист-қараушының денесі табылғанын мәлімдеді.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кезекші ауысым қызметкерлерінің бар-жоғын анықтау кезінде қазандық цехының жабдықтарын қараушы машинист, 1984 жылы туған әйелдің жоқ екені анықталған.

СҚО ТЖД қызметкерлері оқиға орнында дереу іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Кейін оларға Нұр-Сұлтан қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қосылды.

Іздеу жұмыстары 2 тәуліктен астам уақыт жүргізілді. Бұл жұмысқа кинологиялық қызмет те тартылды. Ауыр инженерлік техниканы пайдалану мүмкіндігі болмағандықтан құтқарушылар үйінділерді қолмен шанц және гидравликалық құралдарды пайдалана отырып қопарды.

22 наурыз күні сағат 10.32-де құрылыс конструкцияларының үйінділерінің астынан әйелдің денесі табылды. Сағат 12.05-те мүрде үйінділердің астынан шығарылды және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін берілді.

СҚО ТЖД психологиялық қызмет тобы марқұмның туыстарымен жұмыс істеп жатыр.

Жұмысшының аты-жөні - Наталья Олеговна Чефонова.

Естеріңізге салайық, 20 наурыз күні сағат 19.20-да Петропавлдағы жылу-электр орталығының бір мұржасы құлады.

Орталықтағы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

ЖЭО-дағы түтін мұржасының жартылай құлауына байланысты облыс әкімі жедел штаб құрды.

Осы оқиға бойынша президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.

21 наурыз күні апат болған жылу орталығының директоры мен бас инженер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961782-petropavldagy-apat-uiindi-astynda-qalgan-zumyssy-aieldin-denesi-tabyldy/

pixel