Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда көлік мұз астына түсіп кетті

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Көкпекті ауданының ПБ

Шығыс Қазақстан облысында көлік мұз астына түсіп кетті. Жүргізуші бірден полиция қызметкерлерге хабарласқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Көкпекті ауданының аумағында болған.

"Тойота" көлігі Ертісте мұз астына құлап кетті. 53 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны бірден полицейлерге хабарласып, көмек сұраған.

"Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл келіп жетті. Олар көлікті мұздан алып шықты. Жүргізуші еш жарақат алған жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында 25 көліктің қатысуымен екі жол апаты болғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961946-sygys-qazaqstanda-kolik-muz-astyna-tusip-ketti/

pixel