Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құлаған ағаштар мен бұтақтар салдарынан ондаған көлікке зақым келген

Опубликовано:

Алматыда көлікке ағаш құлап, залал келтірді
скриншот: www.youtube.com

Мейрам кезіндегі демалыс күндері Қазақстанның оңтүстік астанаға қалың қар түсті. Соның салдарынан құлаған ағаштар мен бұтақтар 44 автокөлікке зақым келтірген. Қазіргі уақытта автокөлік иелері келген залалды есептеуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматыда қар араласқан жаңбыр бір тәуліктен аса жауды. Көшелерді тазалауға 987 жұмысшы, 412 бірлік техника және 111 құм шашқыш тартылды.

"Астана" арнасының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан 44 автокөлікке зақым келген. Көлік үстіне қардың салмағын көтере алмаған бұтақтар құлаған. Қазіргі уақытта шенеуніктер мен автокөлік иелері келтірілген залал құнын есептеуде.

"Қазіргі уақытта құм себу жұмыстары жалғасуда. Бізде ауа райы әрдайым осындай тосынсыйлар жасап тұрады. Сол себепті мамандар жолды үнемі барып, көріп, тексеріп отырады. Міндетті түрде жол айрықтары, еңістер, көтермелерге құм себіледі. Абаттандыру қызметі штаттық режимде жұмыс істейді", - дейді Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үй саясаты басқармасы бөлімінің бас маманы Александр Сергеев.

Сонымен қатар, Gismeteo порталының мәліметіне сүйенсек, бүгін, жұма күні Алматыда тағы да қар жауады деп күтілуде. Одан бөлек, желдің аздап күшеюі күтілуде. Ертең, сенбі күні жауын-шашын болмайды, бірақ синоптиктер жексенбіде мегаполисте жаңбыр жауатынын хабарлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962073-almatyda-kolikterge-agas-pen-butaq-qulap-zaqym-keltirdi-video/

pixel