Павлодарда жөл-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам жарақат алып, ауруханаға түсті
Опубликовано:

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан төрт адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
24 наурыз күні сағат 14.50-де Тереңкөл-Михайловка автожолының 69-шақырымында, Железинка ауданының Ақтау ауылында 37 жастағы Toyota Camry көлігінің жүргізушісі КамАЗ жүк көлігін басып озамын деп қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан Нyundai Accent көлігімен соқтығысты.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry жүргізушісі, 32 жастағы Hyundai Accent жүргізушісі мен екі жолаушы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, көліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962132-pavlodarda-zol-kolik-oqigasy-saldarynan-tort-adam-zaraqat-alyp-auruxanaga-tusti/