Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда дәріханаға қарақшылық шабуыл жасалды (видео)

Опубликовано:

Дәріханаға шабуыл жасалған сәт
Кадр: Жамбыл облысы полиция департаменті ұсынған видеодан алынды

Тараз қаласындағы дәріханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 25 наурызда болған.

Сол күні 22.30 шамасында Тараз қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде орналасқан дәріханаға медициналық бетперде киген 20-25 жастағы екі белгісіз адам баса-көктеп кірген.

Олардың бірі тапаншаға ұқсас затпен фармацевтерді қорқытып, алдындағы шыны витринаны сындырып, кейін екеуі 37 000 теңге көлеміндегі қаражатты алып кеткен. Содан соң оқиға орнынан белгісіз бағытта бой тасалаған.

Құзырлы органның дерегінше, аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша (бір топ адамдардың алдын ала сөз байласып, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып, өндірістік үй-жайға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

"Полицияның барлық жеке құрамы күдіктілерді іздестіруге және ұстауға бағытталды, полиция бөлімдеріне аталған адамдардың белгілері бойынша бағдарлар жіберілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", - деп қосты ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасап, 18 жерден пышақ жарақатын салғандардың іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік. Бір ажалдан аман қалған жәбірленушіге 3 сағат ота жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962266-tarazda-maska-kigen-eki-zigit-darixanaga-basa-koktep-kirip-kassadagy-aqsany-alyp-ketken-video/

pixel