Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлдағы жылу орталығында тағы да апат болды

Опубликовано:

жылу беру орталығы
Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлдағы № 2 жылу-электр орталығында тағы да апат болып, бірнеше қазандық істен шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның мәліметінше, кезекті апат 26 наурыз күні сағат 21.30 шамасында болған.

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, қазіргі уақытта орталықта екі қазандық агрегаты мен 2 турбина ғана жұмыс істеп тұр.

"СевКазЭнерго" АҚ баспасөз қызметі бұл мәліметті растаған. Баспасөз хатшысы Лилия Шеринаның айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Толық ақпарат сәл кейінірек беріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін 20 наурыз күні Петропавлдағы жылу-электр орталығында түтін мұржасы жартылай опырылып құлап, салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған болатын. Сонымен қатар, апаттан бір жұмысшы әйел мерт болған еді.

Кейін мемлекет басшысы апатқа қатысты пікір білдіріп, СҚО әкіміне тұрғындарды тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазіргі уақытта жылу орталығындағы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалған. СҚО прокуратурасы "2-Жылу-электр орталығы" ЖШС директоры мен бас инженерінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962286-petropavldagy-zylu-ortalygynda-tagy-da-apat-boldy/

pixel