Таразда үстіне ағаш құлаған 12 жастағы бала көз жұмды

Опубликовано:

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: instagram.com/taraz_life

Таразда 12 жастағы жасөспірімнің үстіне ағаш құлап, мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, оқыс оқиға 27 наурызда шамамен сағат түскі 13:00 шамасында болған.

Қайғылы жайт орын алған кезде жеткіншек анасымен бірге автобус аялдамасында тұрған.

"Салдарынан кәмелет жасына толмаған бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта болған жайттың мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді ведомстводан.

Желіде оқиға орнынан суреттер пайда болды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда құлаған ағаштар мен бұтақтар салдарынан 44 көлікке зақым келген еді. Бұтақтар қардың салмағын көтере алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962324-tarazda-ustine-agas-qulagan-12-zastagy-bala-koz-zumdy/