Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан он адам зардап шекті

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан 10 адам жапа шекті
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты он адам жарақат алып, жарақат пунктері мен қабылдау бөлмелеріне жүгінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кейбір зардап шеккен азаматтар медициналық мекемеге өздері барған.

"Ауа райының бұзылуына байланысты 29 наурыз күні қалалық ауруханалардың жарақат пункттері және қабылдау бөлімдеріне әр түрлі жарақатпен 10 адам жүгінді. Оның жетеуі өзі келсе, қалған үшеуі жедел жәрдем желісі бойынша түсті", — деп хабарлайды ведомство.

Зардап шеккен азаматтар тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге және бақылауға жіберілді.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтанда қолайсыз ауа райына байланысты әуежай жабылып, бірнеше автобус өз қозғалысын тоқтатқан болатын. Ал "Қазмедиа орталығының" көлік тұрағында трансформатор өртеніп, апат орын алған еді.

Бүгін, 30 наурыз күні дауылға байланысты елордадағы колледждердің бірінші ауысымындағы студенттері үшін сабақ онлайн форматқа көшті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962779-nur-sultanda-aua-raiynyn-qolaisyzdygynan-on-adam-zardap-sekti/

pixel