Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан 40 мыңнан аса адам жарықсыз қалды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығы салдарынан бірқатар аудан электр жарығынсыз қалды. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның айтуынша, ауа райының қолайсыздығынан жеті учаскеде: Қосшы, Атбасар, Арашалы аудандарында екі және Степногорда бір жерде шатырлар қираған. Материалдық шығын анықталуда.

Қатты жел салдарынан 87 елді мекенде электр қуаты үзіліп, 40 088 адам электр жарығынсыз қалды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы.

Атығаев Ақмола облысының тұрғындарын ауа райына қатысты жаңалықтарға назар аударуға шақырды. Сонымен қатар ауа райы жақсарғанша жол жүруден бас тарту туралы кеңес берді.

Sputnik Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, 30 наурыз күні кешке 11 ауданда электр қуаты үзілген. Облыстағы 51 елді мекенде 21 мыңнан астам абонент жарықсыз отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962874-aqmola-oblysynda-aua-raiynyn-qolaisyzdygynan-40-mynnan-astam-adam-zaryqsyz-qaldy/

pixel